«Мұқалмас» РҚБ туралы

«Мұқалмас» РҚБ 2020 жылғы қыркүйек айында әділет органдарында заңды түрде тіркелген ұйым. РҚБ төрағасы А.Ысымұлы.

«Мұқалмас» РҚБ мүшелері 2019 жылы кезектен тыс ҚР Президенттінің сайлауында алғашқы рет тәуелсіз байқау өткізген «Тәуелсіз байқаушылар Альянсы» қозғалысының белсенділерінен тұрады.

2019 жылдың қараша айында аталған белсенділер Нұр-Cұлтан қаласында сайлау заңнамасына өзгертулер енгізу туралы референдум жайында үлкен жиналысты өткізген болатын. Бұл жиынға еліміздің түкпір-түкпірінен қоғам белсінділері мен ұйым мүшелері қатысқан.

 

Бірлестік қызметінің мәні елдегі сайлау үдерістеріне халықтың  сенім деңгейін арттыру үшін Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының мүлтіксіз орындалуын тәуелсіз байқауға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында көзделген негіздерде қатысу арқылы Қазақстанда әділ әрі ашық сайлау өткізілуіне, сайлау үдерісіне қатысушы партиялардың, азаматтардың заңды құқықтарының және мүдделерінің қорғалуына септесу.

«Мұқалмас» РҚБ мақсаттары:

1) елдегі сайлау үдерісінің барлық деңгейінде және барлық кезеңінде оның Қазақстан Республикасының Конституциясына, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңына, Қазақстан Республикасының басқа да қолданыстағы заңнамаларына, Қазақстан Республикасы қосылған адам құқықтары туралы халықаралық құжаттарға сәйкес болуын тәуелсіз байқауға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында көзделген негіздерде қатысу;

2)  сайлау үдерісінде азаматтық және саяси құқықтардың және бостандықтардың сақталуын тәуелсіз байқауға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында көзделген негіздерде қатысу;

3) сайлау үдерісіне барлық қатысушының Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының мүлтіксіз орындауын тәуелсіз байқауға «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңында көзделген негіздерде қатысу;

4) сайлау үдерісінде Қазақстан Республикасы заңнамасының, сайлау үдерісіне қатысушы партиялардың, азаматтардың заңды азаматтық және саяси құқықтарының және мүдделерінің бұзылуы анықталған жағдайларда сайлау комиссияларынан заңнама бұзушылықтардың жойылуын талап ету, сондай-ақ қажет болған ретте жоғары тұрған сайлау комиссияларының немесе/және прокуратура, соттар назарына орын алған заң бұзушылықтарды жеткізу арқылы Қазақстан Республикасы сайлау заңнамасының мүлтіксіз сақталуына септесу;

5) еліміздің демократиялық тұғырнамада дамуына белсене септесу, әділетті қоғам мен құқықтық мемлекет құруға белсенді қатысу;

6) Қазақстан Республикасының сайлау заңнамасын жетілдіру мақсатында ұсыныстар дайындау, ол ұсыныстарды сайлау заңнамасын әзірлеуге жауапты мемлекеттік органға енгізу және сайлау заңнамасын әзірлеу үшін құрылатын жұмыс тобының жұмысына қатысуға өз өкілдерін ұсыну;

7) халық арасында салауатты өмір салтын, заңдылықты құрметтеуді  насихаттау және заң сауаттылығын арттыру жөнінде акциялар өткізу.

  1. Бірлестік жарғылық мақсаттарына жету үшін келесі жұмыстарды орындайды:

1) еліміздің барлық өңірінде сайлау  үдерісін  байқаушыларды дайындау және оқыту бойынша жүйелі әдістемелік жұмыс жүргізеді;

2) сайлау үдерісін байқауға қатысуға және өз байқаушыларын қоюға ниетті басқа бірлестіктермен бірлескен жұмыс жүргізеді;

3)  жарғылық мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ Бірлестік мүшелерін қолдауға және дамытуға бағытталған жобаларды және бағдарламаларды әзірлейді әрі іске асырады;

4) жергілікті атқарушы билік органдары өткізетін осы Жарғы мақсаттарына қайшы келмейтін азаматтық, саяси және мәдени-бұқаралық              іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады;

5) жоспарлауды, ұйымдастыруды, қаржыландыруды, ынталандыруды, марапаттауды, хабардар етуді, есептілікті қоса алғанда Бірлестіктің жобаларын және бағдарламаларын басқаруды ұйымдастырады;

6) Бірлестікті қолдау мен дамыту үшін Бірлестік мақсаттарына қайшы келмейтін түрлі гранттарды және ұйымдардың, азаматтардың ақшалай және материалдық қаражат түріндегі ерікті салымдарын тартуды қоса алғанда қаржылық, материалдық, ақпараттық,  еңбек және басқа да ресурстарды тартады;

7) өзінің жарғылық қызметін жүзеге асыру үшін және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сай жеке өзі немесе басқа ұйымдастырушылармен бірге конференциялар, съездер, құрылтайлар, жиналыстар, митингілер, трансляциялар, пикетке шығу, шерулер, пікірталастар, жаттығулар, форумдар, конгрестер, семинарлар, флеш-мобтар, концерттер, акциялар және басқа да іс-шаралар өткізеді;

8) ұтқыр қосымшаларды, ғаламторды, онлайн сервистерді, әлеуметтік желілерді, электрондық және ұтқыр құрылғыларды қоса алғанда байланыстың және коммуникацияның барлық құралын Бірлестік мүшелерін оқыту, хабардар ету және олардың қарым-қатынас жасауы үшін және халық арасында өз идеяларын насихаттау үшін пайдаланады;

9) өз іс-шараларын өткізу кезінде өз мүшелерінің қауіпсіздігін және қорғалуын қамтамасыз етеді;

10) Бірлестіктің жарғылық қызметіне қатысты істер бойынша білікті заң көмегін ұсыну арқылы сотта және мемлекеттік органдарда өз мүшелерін қорғауды қамтамасыз етеді;

11) сайлау үдерісі бойынша қызметті жүргізетін түрлі комиссияларға қатысады.

Back to top button