Жаңалықтар

«Мұқалмас» РҚБ-нің өңірлік филиалдарының басшыларының кездесуі өтті

5-6 желтоқсан күндері Нұр-Сұлтан қаласында «Мұқалмас» РҚБ-нің өңірлік филиалдарының басшыларының қатысуымен үлкен жиын орын алған болатын. Аталған шара «Rush Hotel» қонақ үйінде өткізілді.

Жиынға өңірлік белсенділер А.Абдин, А.Тажкенов, C.Жулдасова, М.Бәкір, Е.Абишев, А.Тажкенов,  М.Абдрахманова, А.Куаныш және басқалар қатысқан болатын.

Жиналыс барысында белсенділер алда келе жатқан сайлауда «Мұқалмас» РҚБ атынан тәуелсіз бақылауды өз қалаларында ұйымдастыруға дайын екенін мәлімдеді.

Сонымен қатар, филиал жетекшілері бақылаушы мандаттарын және бақылаушы блокноттарын өздерімен бірге елдеріне белсенділер арасынан тарату мақсатында алып кетті.

Айта кететін бір жайт, 5 желтоқсан күні «Мұқалмас» РҚБ-нің мүшелері саяси қуғын-cүргін құрбандарына тағзым беру үшін «АЛЖИР» этно-мемориалдық кешеніне барып қайтты.

Back to top button