Ысымұлы Ақайдар

1952 жылы 7 ақпанда Қызылорда облысының Шиелі ауданында «Қызыл диқан» ауылында (қазір Әбділда Тәжібаев ауылы) туған. Мамандығы – журналист және заңгер. 1975 жылы қазіргі Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетін, 1998 жылы Абай атындағы Алматы мемлекеттік универститетінің заң факультетін үздік бітірген.

1969 – 1990 жылдары республиканың бұқаралық ақпарат құралдары саласында еңбек етті. 1969 – 1972 жылдары Қызылорда облысы Шиелі аудандық «Өскен өңір» газетінің редакциясында, 1975 – 1979 жылдары Алматы қаласында Қазақ КСР Телевизия және радиохабар жөніндегі мемлекеттік комитетінде Қазақ теледидарында (қазіргі «Қазақстан» телеарнасы), 1979 – 1990 жылдары «Социалистік Қазақстан» (қазіргі «Егемен Қазақстан») газетінің редакциясында журналистік қызмет атқарды.

1988 – 1992 жылдары Әл Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде аға оқытушылық қызметті қоса орындады.

1990 – 2002 жылдары мемлекеттік қызметте болды. 1990 – 1998 жылдары Қазақстан Республикасының Парламенті (Жоғарғы Кеңес, Сенат), 1998 – 2000 жылдары Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі аппараттарында, 2000 – 2002 жылдары Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Кеңсесіндежауапты қызметтердіатқарды. Жаңа елорда орнағанда 1997 жылы Астана қаласына ресми көші-қонмен келушілердің алғашқы легінде болды.

2002 жылдан «ҚазТрансОйл» акционерлік қоғамында еңбек етеді. Кеңсенің бас менеджері.

«Есабыз әулие», «Жылдар ізі», «Шиелі»,«Шежірелі Шиелі» «Мұстафа жолы», «Түркістан үшін» (Мұстафа Шоқайға арналған 2 том), «Сүлейлердің сүйрігі» (Нартай Бекежанов туралы), «Шахмардан» (Шахмардан Есенов туралы), «Сырдың бас ақыны», т.б кітаптардың авторы.

Қазақ журналистикасының қайраткері, Қазақстанның мәдениет қайраткері, Магистральды құбыр көлігінің құрметті қызметкері, Шиелі ауданының құрметті азаматы, Тіл жанашыры атақтары берілген. Мемлекеттік, ведомстволық, жергілікті органдар марапаттармен марапатталған.

Back to top button